Алматы полициясы іздеуде жүрген тоғыз адамды қолға түсірді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда полиция бір тәулікте бірнеше қылмысты әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 26 тамыздан бастап республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шараның алғашқы күні-ақ полицейлер "ізін суытпай" 24 қылмыстың бетін ашты.

"Әшкереленген құқық бұзушылықтардың қатарында ұрлық пен алаяқтық, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізу деректері бар", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге тәртіп сақшылары бұрын жасалған 14 қылмысты ашып, іздеуде жүрген тоғыз адамды қолға түсірді. "Нелегал" санатында есепте тұрған 13 адам да анықталды.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы 28 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі