Жамбыл облысында мас күйде қайықпен кеткен ер адам жоғалып кетті

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 30 тамызға қараған түні Жамбыл облысының Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның танысының айтуынша, ол мас күйінде қайықпен кетіп, оралмаған.

Оқиға орнына өңірлік төтенше жағдайлар департаментіқұтқарушылары жедел шығып, іздеу жұмыстарына арнайы техника мен су көліктерін тартты.

"Ер адам көп ұзамай тірі табылды. Ол су қоймасының жағасында болған. Медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп мәлімдеді ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін Балқашта қайықтағы ер адам суға құлап кеткенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз