Жетісуда тауда 83 жастағы қария жоғалып кетті

Сурет: видео скрині
28 тамыз таңғы уақытта қария мал бағуға шыққан, алайда кешке үйіне оралмаған. Жақындары алаңдап, бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, зейнеткерді іздеуге барлық күш жұмылдырылды.

Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және бейжай қарамайтын еріктілер іздестіру жұмысына қосылды. Қиын таулы аумақтарды шолуға заманауи техника — ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Біраз уақыттан соң қария Сарыбел ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі таулы аумақтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Осылайша полиция қызметкерлері қарияны отбасымен қауыштырды.

Полиция қарт кісілерге және денсаулығында шектеуі бар жандарға ерекше назар аударуға үндеді.

"Кез келген төтенше жағдайдың белгісі байқалса, дереу "102" нөміріне хабарласу қажет", - деп ескертті полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды