"Адамдар дұға жасап, бортсеріктер абыржыды": Air Astana ұшағында тағы не болды

Сурет: telegram/ztb_qaz
Әлеуметтік желілерде Air Astana әуе компаниясының КС 859 рейсінің бортында түсірілген видео тарады. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгенде салонында түсініксіз дыбыстар естілген, ал 40 минуттан кейін әуе кемесі кенет төмендей бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдайға әуе компаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.

Роликті 2025 жылғы 1 қыркүйегкте ZTB редакциясы жариялады.

"Адамдар дұға жасап жатты, әйелдер жылады, бортсеріктердің өзі де абыржыды, жүздерінде үрей болды. Бір сәтте дауыстық хабарлама арқылы ұшаұ дереу қонатынын айтты. Стюардессаның дауысы дірілдеп, қорыққаны сезілді", - деді жолаушылардың бірі.

Куәгерлердің сөзінше, ұшақ 10-15 минут төмендеген. Бір мезетте салонда дүрбелең басталып, адамдар орындарынан тұрып кеткен, стюардессалар өткел бойымен жүгірген.

Air Astana түсініктемесі

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына былай деп мәлімдеді:

"31 тамыз күні Алматы – Ақтау бағытымен ұшқан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жақындаған сәтте техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулыққа сәйкес қонуға басымдық беруді сұрады. Осыдан кейін әуе кемесі қауіпсіз биіктікке төмендеп, сәтті түрде Ақтау әуежайына қонды. Ұшаққа тексеру жүргізіліп жатыр. Кейінгі КС 860 Ақтау – Алматы рейсінің жолаушылары басқа әуе кемесімен жеткізілді".

Еске салайық, 2025 жылғы 29 тамызда Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Астанаға ұшып шыққаннан кейін кері қайтуға мәжбүр болған еді. 10 сағаттан астам уақыт күткеннен кейін жолаушыларды Астанаға басқа әуе компаниясының ұшағымен жөнелтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды