Балаларды зорлаған: 21 жастағы қазақстандық өмір бойына түрмеге қамалды

Сурет: Zakon.kz
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты зорлау, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, айыптау актісіне сәйкес қылмыстар 2022 жылдың мамырында және 2025 жылдың қаңтарында Семейде жасалған. Жәбірленушілердің жасы – 12 және 13 жаста.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталушы Қ.-ға жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сонымен қатар педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты кез келген лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Жәбірленушілердің заңды өкілдері прокурордың ұстанымымен келісті. Қ. тағылған айыпты толық мойындамады және өзін ақтауды сұрады", - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен жас жігіт кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты кез келген қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Пышақ ала жүгірген сталкер сот залынан босатылды - сот неліктен мұндай шешімге келді