Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатын шектеу бастамасы туралы айтты

Сурет: parlam.kz
Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында сөз сөйлеп, қазіргі уақытта ЛГБТ өкілдерінің насихатын заңмен шектеу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, Үкіметтік емес ұйымдар жүргізген зерттеулер арнайы комиссияға ұсынылған және олардың қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ.

“Шынында да, ЛГБТ өкілдерінің насихаты қоғамда бар. Әсіресе әлеуметтік желілерде олардың белсенділігі байқалады. Қауымдастық өкілдері өздерінің бағытын ашық түрде жариялап, үгіт-насихат жүргізіп отыр”, – деді Жаңбыршин.

Сонымен қатар, депутат ЛГБТ өкілдерінің қоғамдық акциялар ұйымдастырып жүргенін атап өтті. Оның пікірінше, жеке адамның өмірлік бағыты өз еркінде болғанымен, оны көпшілікке жариялау, әсіресе БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы тарату – үгіт-насихат болып саналады. «Бұл ең алдымен өскелең ұрпаққа әсер етеді, жас буын өз болашағына қатысты шатасуы мүмкін», – деп атап өтті ол.

Жаңбыршин зерттеулерге сілтеме жасай отырып, ЛГБТ қауымдастығы өкілдері арасында психологиялық күйзеліс пен суицид жағдайлары жиі кездесетінін жеткізді.

Қазіргі таңда депутаттар заңгерлермен бірлесіп, заңға тиісті өзгерістер енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі