Құзырлы ведомство мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді.
"Сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылды. Сонымен қатар басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот шешімдері қазір қалалық Әділет департаментінде орындалу сатысында тұр", делінген хабарламада.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін сотқа 68 талап-арыз жолданды. Оның 35-інде нысандарды толық немесе жартылай бұзу көзделген.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
2025 жылғы 2 қыркүйекте Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай бизнес-форумында LRT жобасын кеңейту мүмкіндігі туралы пікір білдірген еді.