Прокуратураның араласуынан кейін Нұра ауданы ауылдарының тұрғындары таза суға қол жеткізді

Фото: freepik
Прокуратура тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы аясында талдау жүргізді.

Аудан ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыт бойы шешімін таппай, тұрғындардың құқықтарының бұзылуына соқтырғаны анықталды. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының басым бағыттарының бірі.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа ауданның 9 ауылында ұңғымалар бұрғыланып, су тартатын мұнаралар орнатылды.

Бүгінгі таңда бес ауылда жұмыстар аяқталып, тұрғындар таза суға қол жеткізді.

Құрылыстың барысы мен бөлінген қаржының игерілуі аудан прокуратурасының бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды