Светлана Жақыпова: Кейбір адамдар үш елден бірдей зейнетақы алған фактілер бар

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет мінберінде қос азаматтығы бар адамдарға қатысты зейнетақы заңнамасын қатаңдату жөніндегі министрлік ұсынған түзетулерге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл қатаңдату ел аумағында тұрмайтын, қос азаматтығы бар адамдарға бағытталған.

"Біз бұл түзетулерді талқылайтын боламыз. Біз қос азаматтығы бар зейнеткерлердің Қазақстан аумағында тұрмайтынын және елден тыс жерлерге кеткенін анықтадық. Сондықтан қазір қатаңдату тек зейнеткерлерге ғана емес, тіркеу тәртібіне де қатысты жүргізілуде", – деді Жақыпова.

Министр кейбір азаматтардың бір уақытта үш елден зейнетақы алған нақты деректер бар екенін айтып, оларды жариялауға уәде берді.

"Сот процестері аяқталған соң, мен бұл фактілерді ұсына аламын – адамдар қос азаматтықты пайдаланып, бір мезетте Ресей Федерациясынан да, Қазақстаннан да, Өзбекстаннан да зейнетақы алған", – деп толықтырды Жақыпова.

Бұған дейін Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Жакупова Светлана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды