Черногорияда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтар ұсталды

Фото: Zakon.kz
Есірткі сататын арна ұйымдастырды деген күдікке ілінгендер шетелде қолға түсті. Бұл туралы 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Ішкі істер министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның дерегінше, Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында қамауға алу және экстрадиция мақсатында халықаралық іздеуде жүрген екі Қазақстан азаматы ұсталған.

Олар мынадай ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілініп отыр:

Тергеу деректері бойынша, 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі және психотроптық заттарды сататын интернет-дүкен ұйымдастырған.

"Қылмыстық схемаға сәйкес олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру арқылы сыбайластарды жинап, барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан. Қазіргі таңда ұсталғандар Черногория аумағында қамауға алынды", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Түркияда автокөлік иелерін 70 млн теңгеге алдаған қазақстандық ұсталғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін