Қазақстанда валюта бағамдары көрсетілген көшедегі таблоларды орналастыруға тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 23 маусымда қабылданған Ұлттық банктің басқарма қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу қағидаларына" өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап валюта бағамдары көрсетілген көшедегі таблоларды орналастыруға тыйым салынды.

Енді айырбастау пунктінің клиенттері үшін сатып алу немесе сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд айырбастау пунктінің ішінде немесе операциялық кассаның жанында орналастырылады.

Түзетулерге сәйкес, мұндай ақпараттық стенд айырбастау пунктінен тыс жерде, соның ішінде ғимараттардың шатырына, сыртқы қабырғаларына, стационарлық, жылжымалы немесе тасымалды стендтерге орналастырылмайды.

Сондай-ақ ақпараттық стенд айырбастау пунктінің ғимаратынан тыс ашық кеңістікте көзге көрінбеуі тиіс. Тек айырбастау пункті көпфункциялы ғимараттарда (соның ішінде бизнес-орталықтарда), теміржол вокзалдарында, казино аумағында, халықаралық әуежайлардың аэровокзалдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы автокөлік, теңіз және өзен өткізу бекеттерінде орналасқан жағдайда ғана ерекшелік қарастырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" сапындағы соңғы ойнында Дастан Сәтпаев дубль жасады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады