СҚО-да пробациялық есептен жалтарған ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тимирязев ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері есепке қойылудан жалтарған 45 жастағы ер адамның орналасқан жерін анықтады.

Бұған дейін ол алаяқтық жасағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.

Сот шешіміне сәйкес, үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күннің ішінде пробация қызметіне келіп, есепке тұруға міндетті еді.

Алайда ол бұл талапты орындамағандықтан іздеуге жарияланды. Тимирязев және Айыртау аудандарының пробация қызметі мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде жазадан жалтару мақсатында отбасымен бірге кеткен сотталған адам Солтүстік Қазақстан облысының Қарақамыс ауылынан ұсталды.

"Аталған дерек бойынша пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері сотқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдар жолдады. Осылайша, сотталған азамат қоғамнан оқшауланбай-ақ жазасын өтеу мүмкіндігін пайдаланбай, жағдайын одан әрі қиындатты," – деп атап өтті ҚАЖ департаментінде.

Пробация қызметінде атап өткендей, мұндай оқиғалар заңнан жалтарудың еш пайда әкелмейтінін көрсетеді, ал жазадан қашу әрекеті тек қана жауапкершілікті күшейтеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео