Балаева: Қазақстанда ажырасу саны азайып келеді

Сурет: pixabay
Мәдениет және ақпарат министрінің мәліметінше, Қазақстанда ажырасу көрсеткіші төмендеп жатыр. Кейінгі бес жылда олардың саны шамамен 16%қысқарған: 2020 жылы 48,2 мың жағдай тіркелсе, 2024 жылы 40,5 мыңға дейін азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі артып, отбасын сақтап қалуға деген ұмтылысының белгісі екенін министр өз құттықтауында атап өтті.

"Елімізде отбасы институтының нығайып келе жатқаны қуантады. Социологиялық деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін (85–89%) басты құндылық – ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық пен түсіністік. Дәл осы құндылықтар мықты әрі берекелі отбасының негізін қалайды", - деп жазды Аида Балаева.

2019 жылдан бастап Жоғарғы сотпен бірлесіп, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттарда "Бақытты отбасы" жобасы іске асырылып келеді. Ол ажырасу істеріндегі дауларды шешуге бағытталған. Жоба аясында психологтар, заңгерлер, медиаторлар және әлеуметтік қызметкерлер кеңес береді.

2024 жылы істердің 37,5%-ы тараптардың татуласуымен аяқталған (2023 жылы - 33,1%). Бұл жобаның тиімділігін көрсетеді, деп есептейді министр.

Сонымен қатар жаңадан отау құратын жастарға арналған қарым-қатынасты үйлестіруге бағытталған оқу бағдарламаларына ерекше көңіл бөлініп отыр.

Балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілікті арттыру үшін "Ата-аналар академиясы" жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Азаматтарға қолдау көрсетуде Отбасын қолдау орталықтары (ОҚО) да маңызды рөл атқарады. Оларға жыл ішінде 40 мыңнан астам адам жүгінген.

"Ең өзекті мәселелер бойынша 15 мыңнан астам кеңес берілді, тағы шамамен 4 мың адам кешенді қолдауға алынды", - деп жазды Балаева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты