Қазақстанда жұмыс беруші қандай сақтандыруды рәсімдеуге міндетті

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Білу маңызды!" жобасының жаңа шығарылымында жұмыс беруші өз қызметкерлеріне қандай сақтандыруды рәсімдеуге міндетті екенін айтып берді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қазақстанда 2005 жылдан бастап қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру заңнамамен бекітілген.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің сарапшысы Әділжан Жақып сақтандыру зардап шеккен адамның табысының жоғалуын өтеуге және денсаулыққа зиян келтіруге байланысты шығындарды өтеуге бағытталғанын айтты.

Сарапшының сөзінше, сақтандырудың бұл түрі жұмыс берушінің қаражаты есебінен сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкерге төлемдерді жүзеге асыратын сақтандыру ұйымымен шарт жасау жолымен іске асырылады.

Еңбек міндеттерін орындауға байланысты жазатайым оқиғаның нәтижесінде зардап шеккен қызметкерге жалпы және кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленеді.

Соның негізінде ол әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінен әлеуметтік төлемдер алады. Атап айтқанда:

Бұған дейін Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие және қай жерде көп жалақы төлейтіндігін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды