Көлік полицейлері тәртіп бұзған екі жолаушыны әуе рейсінен түсірді

Сурет: polisia.kz
Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісімен "Астана-Ақтөбе" бағытындағы рейстен ақтөбелік 38 және 40 жастағы екі тұрғынды түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында полицейлер ер адамдардың ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, өздерін агрессивті ұстап, экипаж талаптарын орындамай, тіпті әуе компаниясы қызметкерлерін балағаттағандарын анықтады. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде құқық бұзушылар билік өкілдерінің заңды талаптарына қасақана бағынбағандықтан, полицейлер оларға арнайы құрал, яғни, қол кісенін қолдануға мәжбүр болды.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе рейстерінде жасалған түрлі құқық бұзушылықтар үшін 447 адамды жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде: 270-і —қоғамдық орындарда масаң күйінде келу, 120-сы — ұшақ бортында темекі шегу, 26-сы — ұсақ бұзақылық, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да құқыққа қайшы әрекеттер.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі