"Backstreet Boys" концерті кезінде қоғамдық тәртіпті 2,5 мың полицей қамтамасыз етеді

Фото: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция Департаментінің мәліметінше, "Backstreet Boys" концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылады.

Көптеген тыңдармандардың келуі күтілуіне байланысты полицияның кешенді күштерінің кезекшілігі күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Кептелістердің алдын алу және арнайы көліктердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелері шеңберінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Алматы қалалық полиция Департаменті, қала тұрғындарын, осы ақпаратты бағыттарын жоспарлау кезінде ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға шақырады. Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды