Үлкен Алматы өзені аумағындағы тас төсеуіштер ұрланып жатыр: әкімдік не дейді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы әкімдігі Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңарту нысанынан құрылыс материалдарын заңсыз әкету туралы ақпараттарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Материалдар (брусчатка мен плиталар) әртүрлі нұсқаларды көрсету үшін қосалқы мердігер ұйыммен сатып алынған. Белгілі бір түрі келісілгеннен кейін, қалған үлгілер тапсырыс беруші – Қаланың экология және қоршаған орта басқармасының келісімімен нысаннан шығарылды", – деп хабарлады қала әкімі кеңесшісі Ильзат Акчурин.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар үшін ақы төленбеген, бюджет қаражаты жұмсалмаған.

"Осылайша, қайта жаңғыртылып жатқан нысан аумағында заңсыз әрекеттер жасалды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым уәкілетті органдарға тиісті өтініш беру үшін құжаттар дайындап жатыр", – деп толықтырды Акчурин.

Бұған дейін Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады