БЖЗҚ кірістілікті арттыру үшін қаржы құралдарының тізімін кеңейтеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Үкімет қаулысының жобасы дайындалды. Ол бойынша Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне өзгерістер енгізіледі.

Жобада зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының қатарын кеңейту қарастырылған. Атап айтқанда, оған баламалы құралдар, арнайы мақсаттағы компаниялар мен серіктестіктердің (Special Purpose Vehicle) акциялары мен үлестері, сондай-ақ кепілге қойылған бағалы қағаздарды қарызға беру операциялары (Securities Lending) енгізілмек.

Құжатта атап өтілгендей, қаржы құралдарының аясын кеңейту ұзақ мерзімді кезеңде БЖЗҚ активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында қолға алынуда.

Аталған жоба "Ашық НҚА" сайтында 6 қазанға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Қазақстан
БЖЗҚ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін