Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурызбай ауданында биыл Рахат шағынауданында жаңа саябақ аймағын құру жұмыстары басталды. Жаңа жайлы саябақ аудан тұрғындары үшін көптен күткен демалыс орнына айналмақ. Бұл туралы аудан әкімдігінде хабарлады.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша саябақтың құрылысы биыл аяқталады.

Жобаның тарихы 2023 жылы басталды. Сол кезде Наурызбай ауданы әкімдігінің бастамасымен 1,5 гектар жер телімін алу рәсімі жүргізілген. Аталған жер Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жанында орналасқан. Жоспар бойынша Қызыл кітапқа енген ағаштарды сақтай отырып, саябақ салу көзделген. Кейін жердің иесі ауысып, ол "BI Development" құрылыс компаниясына өтті. Компания қол қойылған меморандум аясында "BIOGRAPHY" деп аталатын ландшафтық саябақ жобасын жүзеге асыруға міндеттенді.

Жобада бар ағаштарды сақтау, ыңғайлы жүргіншілер жолдарын салу және табиғи элементтерді саябақ тұжырымдамасына үйлесімді енгізу ерекше назарға алынған.


"Біздің ауданымызда саябақтар жетіспейді. Енді балаларымызбен серуендеп, отбасымызбен тынығатын әсем орынның салынатыны өте қуаныштымыз", – дейді Рахат шағынауданының тұрғыны.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео