Ескі үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды — Алматы әкімі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 1950-жылдары салынған Яблочков көшесіндегі ескі үйлерді аралап көрді. Тұрғындар қайта жаңарту мен көшіру жұмыстарын жеделдетуді сұрады.

Қала басшысы ескі үйлерді сүру кезінде ең бастысы, адамдардың баспанасыз қалмауын қамтамасыз ету екенін айтты. Барлық шешім тек заң аясында қабылданатынын жеткізді.

"Барлық шешім заңды болуға керек. Ертең прокуратура дау тудырмас үшін хаттамаларды тексереміз. Ең маңыздысы, тұрғындарға ыңғайлы әрі бізге жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін шешім табу керек", — деді әкім.

Жетісу ауданындағы Яблочков көшесінде орналасқан №1 және №3 үйлер – 1953-1954 жылдары салынған екі қабатты қаңқалы-қамысты ғимараттар. Барлығы 16 пәтер бар. Үйлердің жағдайы нашар: қабырғасында сызат пайда болған, сылақ үгітіліп түскен. Іргетасы шөгіп, төбе мен қабырға арасында саңылаулар пайда болып, еден қисайып кеткен, шатырдан тамшы ағады. 70 жылдан астам уақы бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген.

"ҚазҚҒЗИ" АҚ 2017-2018 жылдары жүргізген тұрғын үй қорының техникалық түгендеуі бойынша Яблочков көшесіндегі №1 және №3 үйлер ескі деп танылған. Оларды сүріп, тұрғындарды көшіру қажет. Осы аумақтың Шамиева көшесінде тағы екі ескі үй бар.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, қазір көшірудің түрлі нұсқасы қарастырылып жатыр. Тұрғындар жаңа пәтердің Алматының қай ауданынан берілетіні маңызды емес екенін айтты. Мәселен, Наурызбай ауданында қоныстана беруге болатын дайын пәтерлер бар.

Әкімнің айтуынша, ескі үйлердің тұрғындарын көшіру – маңызды әлеуметтік міндет, оны қала тұрғындарының мүддесін сақтай отырып, заңдылық пен ашықтық негізінде шешу қажет.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды