Жаңа Салық кодексі: жаңартылған ЭҚЖЖ тізімі алдағы күндері жарияланады

Фото: pexels
2025 жылғы 24 қыркүйекте жаңа Салық кодексіне арналған семинар алдында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңартылған Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін интернетте жаңартылған ЭҚЖЖ тізімі жарияланып, ол кәсіпкерлер арасында қызу талқыға түскен еді.

"Бүгін талқыланып жатқан тізім — бейресми. Ұлттық экономика министрлігі бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып, қандай қызмет түрлерін алып тастау қажет екенін талқылап жатыр. Бұл жұмыс әлі жалғасуда. БАҚ-та тараған тізімді мемлекеттік органдар таратпаған. Ол — толық емес, нақты емес, өзекті емес құжат. Себебі онда бар болғаны 100 ғана рұқсат етілген қызмет түрі көрсетілген", – деді Біржанов.

Оның айтуынша, нақты тізім әлдеқайда кеңірек болады.

"Бұл тізімге мемлекет тарапынан қолдау қажет салық төлеушілер де кіреді – мысалы, ауыл шаруашылығы саласы, микро және шағын бизнес. Мұның бәрі тиісті құжатта көрініс табады. Құжатты Ұлттық экономика министрлігі дайындап жатыр, және алдағы бірнеше күнде ол ресми түрде жарияланады", – деп уәде берді вице-министр.

Бұған дейін Алматыда фастфуд кафесі жанып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті