Бурабайда жасөспірім жоқ үйді жалға берген

Сурет: polisia.kz
Бурабайда жоқ үйді жалға берген 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді қолға түсірді.

Тергеу дерегінше, ол Бурабайда үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, сенім білдірген азаматтардан алдын ала төлем алған. Мәселен, бір жәбірленуші демалыс үйін "броньдау" үшін 60 мың теңге аударып жібергенімен, кейін күдікті байланысқа шықпай қойған.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары жалған хабарландыру жарияланған телефонды тәркіледі. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ полиция күдіктінің басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасады: тұрғын үйді жалға аларда ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп, алдын ала ақша аударуға асықпаған жөн. Сонымен қатар заңды күшке ие жазбаша келісімшарт жасаған қауіпсіз болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр