Жамбыл облысында әйел туыстары мен таныстарын алдап, 22 млн теңге жымқырды

Сурет: pxhere
Туыстары мен таныстарының атынан заңсыз кредит рәсімдеген әйелге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меркі аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, оған бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін (ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 1, 4-тармақтары) айып тағылған.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы 2024 жылы мобильді қосымшалар арқылы заңсыз байығысы келіп, несие рәсімдеген. Ол туыстары мен таныстарының сеніміне кіріп, олардың жеке деректері мен суреттерін жинап, солардың атынан қарыз алған.

"Жәбірленушілерге алынған ақшаның бір бөлігі "үлес" ретінде қайтарылғанымен, қалғаны жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Бес жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 22 млн теңгеден асты", - делінген сот құжаттарында.

Айыпталушының кінәсі тараптардың куәлігімен, беттестіру хаттамаларымен, банктен алынған кредитті растайтын құжаттармен дәлелденді. Прокурор "Рақымшылық туралы" заңды қолданып, түпкілікті үш жыл екі айға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сотта әйел кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Кейбір жәбірленушілер азаматтық талаптарынан бас тартып, айыпталушыны кешіргенін айтты.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі 1, 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес жаза үштен бір бөлікке қысқартылып, түпкілікті үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жеңілдететін жағдай ретінде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бары ескерілді. Екі кішкентай баласының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға кейінге қалдырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, айыпталушыдан 14,3 млн теңге өндіріледі.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін