Алматының тау бөктеріндегі заңсыз құрылыстар: Үкімет депутаттық сауалға жауап берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласы мен оның тау бөктерлерінде шектеулер мен тыйымдарға қарамастан заңсыз құрылыс жүріп жатқаны туралы депутат Бақытжан Базарбектің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қыркүйекте жолданған депутаттық сауалында Базарбек қала үстіңгі бөлігінде болашақ элиталық таунхаустар мен коттедждер үшін табиғи сайлардың іс жүзінде түгелдей көміліп кеткенін айтқан. Оның пікірінше, егер мұздықтар мен мореналық көлдер еріп кетсе, Алматыда үлкен апат болуы мүмкін – сайларда салынған үйлерде тұратын мыңдаған адам су астында қалуы ықтимал. Осыған байланысты депутат сайларды көмуге және құрылыс жүргізуге, сондай-ақ ондай жер телімдерін беруге, үйлерді пайдалануға беруге және тіркеуге тыйым салу қажет деп есептейді.

Бұл сауалға жауап бере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов келесіні айтты:

"Таулы аймақтағы жер телімдері бұрын Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының әкімдіктері арқылы берілген. Бұл жерлер 1998–2014 жылдар аралығында президент жарлықтарына сәйкес Алматы қаласының аумағына енгізілген".

Сондай-ақ, ол 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін тау бөктерінен жаңа жер телімдері берілмегенін атап өтті.

Бектеновтың айтуынша, жер заңнамасының бұзылуына қатысты депутат қойған сұрақ бойынша Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті 25 жер телімі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар олардың заңдылығын анықтап, тиісті шаралар қабылдау үшін жүзеге асырылуда.

"Сонымен қатар, Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы заң бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдап жатыр: нұсқама беру, айыппұл салу және заңсыз құрылыстарды сүру бойынша сотқа талап қою", – деді Премьер-министр.

Жекелеген нысандар бойынша жағдай

Бектеновтың айтуынша, 2025 жылы Алматы қаласының Әділет департаментінің өндірісінде тау бөктеріндегі аймақтарда нысандарды сүру бойынша 35 орындау өндірісі болған. Соның ішінде 20-сы (57%) орындалған, кейбір нысандар толық немесе ішінара бұзылған.

"Қазіргі уақытта 15 орындау өндірісі қалды: оның 2-уі бойынша борышкерлер өз бетінше заң бұзушылықтарды жоюы тиіс, 13-іне қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылып жатыр", – делінген құжатта.

Мораторий және жаңа Бас жоспар

2025 жылғы 4 тамыздағы Президент тапсырмасы (№ 25-01-25.10) аясында Алматының жоғарғы бөлігінде көпқабатты үйлер мен нүктелік құрылыстар салуға мораторий енгізілді. Бұл тыйым әлеуметтік инфрақұрылым мен туризм кластеріне қатысты емес.

"Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі Бас жоспарға өзгерістер енгізу бойынша жұмысты бастады. Бұл өзгерістер қала ортасын теңгерімді дамытуға, табиғатты қорғау шараларын күшейтуге және тау бөктерін құрылысқа беруден қорғауға бағытталған".

Жоспарланған шаралар жоспары бекітілген:

Бұған дейін Бектеновтің АЭС салудың Қазақстанға беретін пайдасы туралы айтқанын жазғанбыз

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты