Оның айтуынша, медициналық қызметтердегі ақаулар мен бұзушылықтарды автоматтандырылған түрде анықтау жүйесінің сенімділігі айтарлықтай артқан.
"Бұрын қызметтердің жартысынан көбі қолмен тіркелетін. Қазір жүйе 95–97 пайыз бұзушылықты өздігінен анықтай алады. Жаңа әдістер мен автоматтандыру оң нәтижесін берді, өйткені машинамен келісіп алу мүмкін емес. Маусым айында жүйе пилоттық режимде іске қосылып, шілде-тамыз айларында толық жұмыс істей бастады. Соның нәтижесінде бұзушылықтар саны екі есе, ал олардың жалпы сомасы үш есе азайды", – деді Айдын Күлсейітов.
Сонымен қатар, ол алғаш рет "припискалар" (жалған тіркеу деректері) автоматты түрде анықталып жатқанын айтты.
"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда анықталған припискалардың саны 19 есеге азайды. Біз медициналық ұйымдардың өз мінез-құлқын өзгерттік – енді олар мұндай тәжірибеге баруға мүдделі емес. 2025 жылдың маусым айында пилоттық жоба кезінде 848 медициналық ұйымнан жалған тіркеу фактілері табылды. Өткен жылы мұндай ұйымдар небәрі 58 болатын – яғни, олар цифрлық бақылаудан тыс қалған еді. Солардың 43-інде приписка көлемі 200 АЕК-тен асқан. Ал шілде айында 763 ұйымнан (барлығының 39%-ы) приписка анықталды, олардың 47-сінде де 200 АЕК-тен жоғары бұзушылықтар тіркелді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мұндай ұйымдардың саны екі еседен астам қысқарды", – деді ол.
Айта кетейік, биыл 26 наурызда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова поликлиникалардағы припискалар үшін жауапкершілікті күшейтуге дайын екенін мәлімдеген болатын.