Абай облысында көші-қон тәртібін бұзған 137 шетелдік елден шығарылды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Көші-қон заңнамасын сақтау – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі. Осы орайда Абай облысы полиция департаменті тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, заңсыз көші-қонға тосқауыл қоюда.

Соның аясында елімізде болу ережелерін бұзған бірқатар шетелдік азаматтар анықталды. Абай облысында жыл басынан бері әкімшілік істердің қорытындысы бойынша сот шешімімен 100 шетелдік, "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 37 азамат Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған.

Сонымен қатар оларға еліміздің аумағына қайта кіруге бес жылға дейінгі мерзімде тыйым салынды. Бұл – еліміздің көші-қон талаптарын елемегендер үшін қатаң ескерту ғана емес, маңызды сабақ.

Профилактикалық жұмыстарға да ерекше назар аударылуда.

Көші-қон қызметі мамандары шетелден келген азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарын, атап айтқанда елімізде болу тәртібі, уақытылы тіркелу, еңбек қызметін жүргізу ережелерін сақтау қажеттігін үнемі түсіндіреді.

Бұл жұмыстар заң бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Сонымен қатар көші-қон қызметі жұмыс берушілермен кездесулер өткізіп, шетелдік жұмыс күшін заңды түрде тарту жолдарын да түсіндіруде.

Шетелдік азаматтар тұратын немесе жұмыс істейтін орындарда тексеріс жүргізіліп, бірлескен рейдтер ұйымдастырылып тұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда