Қоғамдық көліктегі жолақы 500 теңге болуы мүмкін бе: вице-министрлер пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 14 қазанында Үкіметтің баспасөз конференциясында қоғамдық көлік тарифінің 500 теңгеге дейін өсуі қандай жағдайда мүмкін болатыны талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде сарапшының "қоғамдық көлік бағасын 500 теңге деңгейінде белгілеу қажет" деген мәлімдемесі кеңінен талқыланып жатыр. БАҚ өкілдері бұл пікірдің экономикалық негізі бар-жоғын сұрады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бұл мәселенің экономикалық алғышарттары болуы ықтимал екенін айтты.

"Жалпы, экономикалық алғышарттар бар – мысалы, өзіндік құнның өсуі, бензин бағасының қымбаттауы. Бірақ тарифті көтеру туралы шешімді әр компания жеке қабылдайды. Бұл – таза коммерциялық мәселе, сұраныс пен ұсынысқа байланысты нәрсе", – деді ол.

Ал Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов тарифтің 500 теңгеге дейін көтерілуі туралы пікірдің жеке сарапшының көзқарасы ғана екенін атап өтті.

"Әрине, қоғамдық көлік халыққа бағытталған, сондықтан жолақының күрт өсуіне жол берілмейді. Егер тарифтер өсетін болса, мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастырылады", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізіліп, бірқатар бұзушылықтар анықталған болатын.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды