Ғарышқа ұшқан Данна Қарағұсованы Тоқтар Әубәкіров құттықтады

Сурет: Instagram/aituar.alibekov, akorda.kz
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа турист ретінде ұшқан алғашқы қазақстандық әйел Данна Қарағұсованы құттықтады. Өз кезегінде кәсіпкер де жауапсыз қалмады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

2025 жылғы 13 қазанда Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Данна Қарағұсованы тарихи суборбиталық ғарыш сапарының сәтті аяқталуымен құттықтаған болатын.

Өз кезегінде, Данна Қарағұсова халық қаһарманына алғысын білдірді.

"Еліміздің мақтанышы, Қазақстан үшін ғарышқа жол ашқан ерекше жан. Сіздің бұл құттықтауыңыздың мен үшін маңызы зор", – деп жазды ол 2025 жылғы 15 қазанда Instagram-Stories парақшасында.

Сурет: Instagram/dannakar

Еске салсақ, кәсіпкер Дана Қарағұсова Қазақстаннан алғаш рет ғарышқа турист ретінде ұшқан әйел атанды. Ол отырған көп мәрте қолданылатын New Shepard зымыраны 2025 жылғы 8 қазанда Blue Origin компаниясының Батыс Техастағы №1 ұшыру алаңынан көкке көтеріліп, сәтті қонған.

Қазақстан
Әубәкіров Тоқтар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді