Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік анықталды

Фото: Zakon.kz
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде 13-17 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу. Полиция қызметкерлері іс-шараның үш тәулігінде көші-қон заңнамасын бұзудың 627 дерегін анықтады. Барлық факті бойынша құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзудың 468 фактісі, қабылдаушы тараптың шетелдік азаматтардың болу ережелерін сақтамауының 117 фактісі және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 42 дерегі анықталды.

Сот шешімімен 356 шетелдік елден шығарылды, 158 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар халықаралық іздеуде жүрген 2 шетелдік азамат анықталды.

Полицейлер шетелдік азаматтардың болу мерзімін уақтылы рәсімдеу және ұзарту әрбір қабылдаушы тараптың жауапкершілігі екенін ескертеді. Сондықтан азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға және тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін