Көлік министрлігі жолаушылар пойыздарының неге баяу жүретінін түсіндірді

Фото: pixabay
Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жылдамдығы неге Қытайдағыдай жоғары емес екенін Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Мәжілісте 16 қазан 2025 жылы түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Қытайда жолаушылар тасымалына арналған жеке жоғары жылдамдықты теміржол желілері бар, сондықтан пойыздардың қозғалыс жылдамдығы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

"Қазақстан теміржол желісінің жалпы ұзындығы 16 мың шақырымды құрайды. Соның тек 30 пайызы – қос жолды учаскелер, ал қалған бөлігі – бір жолды. Елде жүк тасымалына сұраныс жоғары: қазіргі таңда шамамен 303 миллион тонна жүк тасымалданады, оның 197 миллионы республика ішінде. Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейі шамамен 57 пайызды құрайды. Сондықтан жолаушылар пойыздарының жылдамдығын көрші елдер деңгейіне жеткізу әзірге мүмкін болмай отыр", – деді вице-министр.

Сонымен бірге ол инфрақұрылымның тозуын азайту және жолаушылар вагондарының паркын жаңарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 17 қыркүйекте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов елімізде жоғары жылдамдықты пойыздарды іске қосу мүмкіндігі туралы пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды