Алматылықтарға маңызды ескерту: әуежайда антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 17 қазанда Алматы халықаралық әуежайы аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Алматы терроризмге қарсы жедел штабы мәлімдеп, қала тұрғындары мен қонақтарын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушыларға жоспарлы антитеррорлық жаттығулар кезінде авиа және автокөлік қозғалысына шектеу қойылмайтыны ескертілді.

Іс-шара Майлин көшесі, 2 мекенжайы бойынша, 2025 жылғы 17 қазан күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.

"Жаттығулардың негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актілерінің алдын алу және оларды жою тетіктерін жетілдіру. Азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпау қажет", - делінген Алматы терроризмге қарсы жедел штабтың хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді