Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды: күдікті қамауға алынды

Сурет: pexels
Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қаласының 53 жастағы тұрғыны полицияға арызданды. Ол туристік агенттік иесінің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын мәлімдеді. Әйел көптен күткен демалысын ұйымдастыру үшін турагентке 900 мың теңге берген, алайда уәде етілген сапар жүзеге аспай қалған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл агенттікке қатысты осындай тағы бірнеше шағым тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта полицияға осы туристік агенттіктің қызметіне шағымданған тағы 34 азаматтың өтініші түскен.

Күдікті өз әрекетін валюта бағамының күрт өсуімен және соның салдарынан туындаған қаржылық қиындықтармен түсіндірген. Тергеу мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 52 миллион теңгені құрайды.

Тергеудің объективті әрі жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында күдікті уақытша қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз