Ақмола облысында кісі өлтіру мен қарақшылыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында іздеуде жүрген, соның ішінде ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы 15-16 қазан аралығында халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген тұлғаларды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды табуға бағытталған "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

"Іс-шара барысында ақмолалық полицейлер 18 адамның тұрған жерін анықтады. Олардың арасында үш хабар-ошарсыз кеткен азамат және бірнеше қылмыстық істің фигуранттары бар. Ұсталғандардың ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, есірткінің заңсыз айналымы және ұрлық деректері бойынша іздеуде жүрген күдіктілер де анықталды. Бірқатары ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеген және Интерполдың халықаралық базасында тіркелген", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық анықталған тұлға аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды