Алматылық оқушылар "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары экобелсенділермен бірге "Сосновый бор" саябағының аумағына үш мыңға жуық құрғақшылыққа төзімді қарағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама саябақ периметрінде жасыл қоршау жасау мақсатында жүзеге асырылды.

Әр сыныптың ұл-қыздары бұл экологиялық бастаманы үлкен қызығушылықпен қабылдап, ашық аспан астындағы шараға қуана қатысты. Айта кетейік, бұл ағаштарды балалар өздері өсірген: көктемде тұқымын отырғызып, жаз бойы баптап, енді оларды тұрақты орны қарағай тоғайына көшірді.

"Соңғы уақытта біз осындай акцияларға оқушыларды жиі тартуға тырысып жүрміз. Бұл жас ұрпақтың бойында туған қалаға деген сүйіспеншілікті, табиғатқа деген құрметті қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, балалар мектеп жасынан бастап қаланың қоғамдық өміріне атсалысудың маңызын түсінеді", – деп атап өтті экобелсенді, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов.

Оның айтуынша, бұл акция экологиялық клуб еріктілері бір жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан үлкен жобаның бір бөлігі болып табылады. Саябақ негізін қалаушылардың пікірінше, болашақта бұл қарағай тоғайы"Алматылық Версаль" атануы әбден мүмкін.

Акция соңында әрбір оқушыға "Сосновый бор" саябағы мен питомниктің дамуына қосқан жеке үлесін растайтын сертификат табысталды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты