АҚШ-та Трампқа қарсы наразылыққа шамамен жеті миллион адам шықты

Сурет: flickr/White House
АҚШ-та президент Дональд Трамптың саясатына қарсы ұйымдастырылған No Kings ("Патшаларға жол жоқ") қозғалысы аясында өткен наразылық шерулеріне шамамен жеті миллион адам қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, бұл — АҚШ тарихындағы ең ауқымды бір күндік ұлттық наразылықтардың бірі. 19 қазанда елдің 2 700-ден астам қаласы мен елді мекенінде шамамен жеті миллион америкалық алаңға шыққан.

Осылайша, сенбі күнгі акцияларға қатысушылардың саны алғашқы толқындағы наразылықтарға қарағанда екі миллионға артық болған.

Чикаго қаласында өткен шерудің ұйымдастырушыларының бірі — Indivisible Chicago Alliance ұйымы — қаладағы наразылыққа шамамен 250 мың адам қатысқанын хабарлады.

Сенбі күні No Kings ұранымен АҚШ-тың барлық штатында және Вашингтонда наразылықтар өтті. Ал алғашқы мұндай митингілер 14 маусымда — әскери парад және президенттің 79 жылдығы күні өткен болатын.

Бұған дейін жұма күні Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында алдағы наразылықтарға қатысты пікір білдіріп, өзін «патша ретінде санамайтынын» айтқан.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді