Ауғанстан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келді – Қатар СІМ

Сурет: pixabay
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты келіссөздерден кейін тараптар атысты тоқтату жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News-тің Қатар Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап жазуынша, бір аптадан астам уақытқа созылып, ондаған адамның өлімі мен жүздеген адамның жарақат алуына себеп болған қақтығыстан кейін екі ел дереу бітімге келуге келісті.

Бұл кейінгі жылдардағы екі мемлекет арасындағы ең қанды дағдарыс болып отыр.

Қатар тарапының мәлімдемесінде тараптардың ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін тетіктер құруға, сондай-ақ алдағы күндері бітімнің беріктігін сақтау мақсатында қосымша келіссөздер өткізуге келіскені айтылған. Сондай-ақ Қатар мен Түркия бұл келіссөздерде делдалдық рөл атқарғаны атап өтілді.

Айдың басынан бері екі көрші ел арасында зорлық-зомбылықтың күшеюі байқалып отыр. Әр тарап өз әрекетін қарсы жақтың агрессиясына жауап ретінде түсіндіруде. Ауғанстан билігі шекара маңындағы шабуылдарға қатысы бар содырларға пана беріп отыр деген айыптауларды жоққа шығарды.

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы қарулы қақтығыстар 2025 жылғы 12 қазанға қараған түні басталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды