Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық отадан кейін әйел көз жұмған клиниканы тексереді

Сурет: pexels
2025 жылғы 21 қазанда Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Астанада пластикалық отадан кейін бір әйелдің көз жұмып, екіншісінің комаға түсуіне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Астанада екі қайғылы жағдай тіркелгені туралы хабар тараған еді. Пластикалық операциядан кейін бір әйел комаға түсіп, екіншісі қайтыс болған.

Журналистер вице-министрден екі пациентке бір дәрігер ота жасаған-жасамағанын сұрады.

"Жазда болған оқиға бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру жүргізді. Нәтижесінде клиниканың лицензиясыз, яғни заңсыз жұмыс істегені анықталды. Барлық материал құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Ал екінші жағдай бойынша, спикердің айтуынша, Астанадағы клиникаға қатысты шағым жақында түскен.

"Медфармбақылау комитеті келесі аптада тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Нәтижелері бойынша жеке хабарлаймыз. Сол дәрігер ме, медициналық қателік болған-болмағаны, клиниканың лицензиясының бар-жоғы – бәрі қосымша тексеріледі", - деді вице-министр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды