ТЖМ тікұшағы Ақтөбе облысынан жүкті әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

Сурет: видео скрині
Бүгін, 2023 жылғы 21 қазанда Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйелді Ақтөбе облысының Хромтау қаласынан Ақтөбе қаласына шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1994 жылы туған әйелге шұғыл медициналық көмек қажет болған. Санитарлық рейс "Қазәуеқұтқару" әуе кәсіпорнының ЕС032 тікұшағымен орындалды.

Ұшуды кәсіби ұшқыштар мен санитарлық авиация дәрігерлері жүзеге асырды. Дәрігерлер пациентке жол бойы қажетті медициналық көмек көрсетіп отырған.


Министрліктің мәліметінше, экипаж бен медицина қызметкерлерінің жедел және үйлесімді жұмысының арқасында болашақ ана Ақтөбедегі медициналық орталыққа сәтті жеткізілді.

Қазір оған тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі