Елімізде Республика күнінде ауа райы қандай болады

Сурет: akorda.kz
Қазақстанда алдағы сенбіде, 2025 жылғы 25 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика күнінде жауын-шашын еліміздің кейбір өңірлерінде ғана болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған болжамға сәйкес:

"Солтүстік антициклондар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстіктің таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын, онда да негізінен жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман болып, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел тұрады деп күтіледі".

Бұл ретте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:

Синоптиктер бүгін Алматы, Астана және тағы 11 қала тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жариялаған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда