Астанада қайта жөндеуге байланысты жабылған Қонаев көшесі ашылады

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада 28 қазаннан бастап Дінмұхаммед Қонаев көшесі бойында көлік қозғалысы қайта жанданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі сайтында келтірілген дерекке сүйенсек, Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы қалпына келтіріледі.

"Нысанның жерүсті бөлігінде негізгі құрылыс жұмысы аяқталды: жаңа жол жамылғысы төселді, таңбалар сызылды, қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылды. Аталған учаске толықтай пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта көпір өткелі құрылысының үстіңгі бөлігінде және іргелес аумақта әрлеу және абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр. Осы учаскеде қозғалыстың қайта ашылуы елорданың орталық аудандары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға және қала тұрғындары мен қонақтарының жолға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді", делінген 2025 жылдың 27 қазандағы хабарламада.

Бұған дейін Астанада Республика күнінде жүгіру жарысына қатысқан 82 жастағы ақсақал көпті тәнті еткенін жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін