Астанада жүгіру жарысына қатысқан 82 жастағы ақсақал көпті таң қалдырды

Жүгіру, Астана, Республика күні, 82 жастағы ақсақал, Амангелді Досжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 16:12 Сурет: Instagram/sport_basqarmasy_astana/ видеодан алынды
Астанада 10 шақырымға жүгірген 82 жастағы ақсақал жанкүйерлерге ғана емес, сонымен қатар жарыс жолына шығып жүрген өзгелерге де ерекше дем берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желіде көпшіліктен қалмай, 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта оңай жүгіріп өткен 82 жастағы Амангелді Досжановтың видеосымен бөлісті.

"Амангелді аға жүгіруді тек 79 жасында бастаған екен. Қазір ол аптасына үш рет тұрақты түрде 5–10 шақырым жүгіріп, Күйшілер аллеясы мен Жерұйық саябағын таңдайды". Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Амангелді Досжанов ол жерде жүгіруге жақсы жағдай жасалғанын айтады.

"Көпшілігіміз жапондардың ұзақ өмір сүретініне таңғалып жатамыз ғой. Бірақ қазақтар да салауатты өмір салтын ұстанудан кенде емес. 2024 жылы Run for Autism қайырымдылық жарысына қатысып едім. Міне, енді Республика күніне орай ұйымдастырылған жүгіріске қатысуға бел будым", - деді 82 жастағы Амангелді Досжанов.

Бұқаралық жүгіріске қатысу толықтай тегін болды. Іс-шара соңында қатысушылар арасында велосипедтер ойнатылып, естелік медальдар табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: