Қазақстанда таныстыққа арналған танымал Telegram-арнаны бұғаттау ұсынылуда

Фото: pexels
Бүгін, 2025 жылғы 30 қазанда Алматы прокуратурасы балаларды қауіпті интернет-ресурстардан қорғау бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы жас шектемейтін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін "Дайвинчик танысу" Telegram-арнасын анықтады.

"Прокуратура аталған ресурстың жұмыс істеуін заңсыз деп тану және оның Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз енгізді",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, ведомство кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

"Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз баланың 2025 жылы сәуірде танысу сайтына тіркеліп, бір азаматпен танысып, кейіннен ол қыз балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны анықталды".Алматы қаласының прокуратурасы

Алматы қаласының прокуратурасы ата-аналарды балалардың интернет-белсенділігіне қырағылық танытуға, оларға онлайн-қарым-қатынастың қауіптілік ықтималын түсіндіруге және күдікті фактілер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Анықтама: "Дайвинчик" – бұл танысуға арналған танымал чат-бот, бастапқыда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде пайда болған, кейіннен Telegram платформасында кеңінен таралған. Ол пайдаланушыларға қызығушылықтарына сай сөйлесетін адамдарды, достар мен серіктестерді табуға көмектеседі, іздеу, анкета және чат жүргізу функцияларын ұсынады. Қазіргі таңда ботты 17 миллионнан астам адам қолданады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

AMANAT мүшелері "Әділет" партиясына қалай өтеді