Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде: қала тұрғындары нені білуі керек

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның тек бір қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – елдің оңтүстік астанасы Алматы қаласы.

"2025 жылғы 3 қарашада Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанады", – делінген "Қазгидромет" таратқан ескертуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл атмосферадағы қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия және т.б.) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды заттар ауа қабатының төменгі бөлігінде жиналып, оның ластану деңгейін арттырады.

Мамандар қала тұрғындарына ашық ауада жүру уақытын, әсіресе автокөлік жолдары мен өндіріс орындарының маңында болуды шектеуді ұсынады. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыр немесе аллергиялық аурулары бар азаматтарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ескертіледі.

Айта кетейік, Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай екінші күн қатарынан болжанып отыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді