Зейнеткер "Қазпошта" мен Ұлттық банктен келген қоңыраулардан кейін пәтері мен алтынын сатып жіберген

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қараша күні полиция өкілдері хабарлағандай, әйел адамның WhatsApp қосымшасына өзін "Қазпошта" қызметкерімін деп таныстырған адам қоңырау шалып, оның атына сәлемдеме келгенін айтқан. Ол сәлемдемені растау үшін телефонына келген SMS-кодты айтуын сұраған.

Одан кейін жәбірленушімен өзін Әділет министрлігі мен Ұлттық банктің қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар байланысқа шыққан. Олар әйелге оның шоттарынан алаяқтық жолмен ақша шешіп алуға тырысқан "бөгде адамдар" бар екенін айтып, қаржысын қорғау үшін өз нұсқауларын орындауға көндірген.

Алаяқтарға сеніп қалған зейнеткер пәтерін сатып, жинаған ақшасын алып, алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп, барлығы 11 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтардың көрсеткен шоттарына аударған.

Полиция қазақстандықтарды қырағы болуға және өзге адамдардың, әсіресе егде жастағы туыстарының телефон арқылы келген күдікті қоңырауларға сенбеуін қадағалауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда да екі зейнеткер "немерең жол апатына түсті" деген жалған ақпаратқа сеніп, алаяқтарға алданып қалған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі