Астанада қоғамдық қауіпсіздік дрондар мен интеллектуалды жүйелер арқылы бақылануда

Фото: unsplash
Астанада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында заманауи технологиялар белсенді енгізіліп жатыр.

Елорда полициясы қазір бейнебақылау және интеллектуалды тану жүйелерінің көмегімен құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік алып отыр. Полицияның жедел басқару орталығында тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізіледі.

Қала бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көше камералары, смарт-жетондар, автопатрульдерге орнатылған бейнеқұрылғылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады.

"Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы" пилоттық жобасы аясында жол қозғалысын әуеден бақылау жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда алты дрон күн сайын қала көшелерін шолып, көлік қозғалысын бақылайды, жол ережесін бұзу деректерін тіркейді және көлік нөмірлерін іздеу базасымен салыстырады.

Мәселен, дрон көмегімен теміржол өткелінде шлагбаум жабылар сәтте жолды кесіп өткен Kia көлігінің жүргізушісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Toyota жүргізушісі өткел алдында тоқтаған көліктерді басып озғаны үшін жауапқа тартылған.

Дрондар көлік жүргізу кезінде телефон қолдану сияқты өзге де заңбұзушылықтарды тіркеуде. Бұдан бөлек, мәдени және спорттық шаралар кезінде онлайн-бақылау жүргізіліп, бейнежазбалар тікелей жедел басқару орталығына жолданады.

Полиция департаменті заманауи технологияларды енгізу арқылы қызмет сапасын арттырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысын жаңа деңгейге көтеруде. Нәтижесінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қала барған сайын қауіпсіз және жайлы бола түсуде.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі