Қуаныш Дайырбеков Көлік министрлігінің аппарат басшысы болды

Сурет: primeminister.kz
Қуаныш Дайырбеков Көлік министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен Дайырбеков Қуаныш Рысбекұлы Көлік министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қуаныш Дайырбеков 1978 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласында "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" ЖАҚ инженері болып бастады.

2002 жылы – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаментінің жетекші маманы.

2002-2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі құрылымдарында жетекші маманнан басқарма басшысына дейінгі түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2016-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымда қызметтер атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты