Атырау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: pexels
Атырау облысында соңғы жылдары салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамалар кеңінен қолдау табуда.

Қоғамдық тыныштық пен ұрпақтың болашағын ойлаған ауылдар "Заң мен тәртіп" қағидатын берік ұстанып, өзгелерге үлгі болып отыр. Осындай өнегелі елді мекендердің бірі – Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылы.

Қазіргі таңда ауылда 47 үйде 272 тұрғын өмір сүреді. Шағын ғана ауыл болғанымен, мұнда бірлік пен татулықтың, өзара сыйластықтың үлгісі байқалады.

Елді мекенде бір мектеп, медициналық пункт және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды ұсынатын жалғыз дүкен жұмыс істейді. Махамбет аудандық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Айдос Сейтқазиевтің айтуынша, ауылдағы тыныштық пен тәртіп – тұрғындардың өзара түсіністігі мен жауапкершілігінің нәтижесі.


"Биыл ауыл тұрғындары өзара келісе отырып, ішімдік сатуға да, ішуге де толықтай тыйым салу туралы шешім қабылдады. Қазір ауылға келсеңіз, тыныштық орнаған, адамдардың ой-санасы өзгеріп келеді. Ішімдіксіз өмірдің де сәні мен мәні бар екенін бәрі түсінді, – дейді полиция қызметкері.

Еңбекшіл – атына сай еңбекқор ауыл. Таңертеңгілік әркім өз ісіне кірісіп, кешкісін бір дастарқан басында бас қосу – бұл елді мекенде қалыптасқан өмір салты. Қонақжайлылық пен сыйластық – ауылдың басты ұстанымы. Ақсақалдар жастарға өнеге айтып, татулық пен бірлікті насихаттауды әдетке айналдырған. Осындай бауырмалдық пен ортақ жауапкершіліктің арқасында ауылда дау-жанжал мен ұрыс-керіс атымен жоқ. Бүгінде Атырау облысында 50-ден астам ауыл ішімдіксіз өмір салтын таңдаған.

Мұндай елді мекендерде қоғамдық тәртіп деңгейі жоғары, өзара түсіністік пен ынтымақ орнаған. Еңбекшіл ауылының өмір салты – тазалық пен тәртіптің, қарапайымдық пен бірліктің жарқын үлгісі. Осындай өнегелі ауылдар көбейсе, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс