Маңғыстауда декреттік демалыс кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 қараша күні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, арнайы операция 9 қарашада Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімшесі мен ҰҚК-нің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бірлесіп жүргізген.

Күдікті 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты демалыста болып, қызметтік міндеттерін атқармаған, дегенмен алаяқтық әрекеттерді жасағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының полицейлері түсті металдың ірі партиясын ұрлағандарды ұстағанын хабарлағанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады