Атырауда полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты

Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде тәртіп сақшысы интернет арқылы жасалатын қылмыстардан қорғану жолдары мен алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі де жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері атап өтіліп, алаяқтардың жиі қолданатын әдістеріне нақты мысалдар келтірілді. Әсіресе жалған инвестициялық жобалар, фишинг сілтемелер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдері кеңінен талқыланды.


"Атырауда жыл басынан бері 500-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Алаяқтар көбіне WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланып, адамдарды алдап ақша бопсалайды. Кейде шетелдік нөмірлерден немесе жалған аккаунттар арқылы хабарласып, сенімге кіріп кетеді. Сол себепті күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу керек, — деді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Мұханбеталиев.
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді