Елордалықтар қазақ тілін тегін үйрене алады
Фото: pexels
Астанада тегін қазақ тілі курсы ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 12 маусымда қала әкімдігі мәлімдеді. Ведомство ақпаратына сүйенсек, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен "Руханият" КММ тегін қазақ тілі курсын ұйымдастырады.
Негізгі мәліметтер:
- Өтініштер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданады.
- Курс 3 тамыз күні басталады.
- Оқыту форматы: офлайн және онлайн.
- Сабақ аптасына 3 рет өтеді.
- Курс соңында арнайы сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу мекен жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет. Байланыс телефондары: +7 (7172) 24-90-52; +7 707 497 71 43.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгеретіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript